“Киік” акциясы аясында күзет шараларын күшейту тақырыбында брифинг өтті

Ұлытау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Киік” акциясы аясында күзет шараларын күшейту тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Закария Тұралиев,«Охотзоопром ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалы басшысының орынбасары Нұридин Қасымов, Ұлытау облысы ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасы Табиғатты қорғау полиция тобының аға инспекторы, Полиция аға лейтенанты Мадияр Мұқат қатысты.

«Киік» Акциясының өткізілу мақсаты: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және ҚР Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасындағы 2024 жылдың 12 сәуіріндегі №72 бірлескен бұйрықтары негізінде, 01.12.2024-31.12.2024 жылы аралығында киік аңының күйек мерзімін ескере отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу және киік аңына браконьерлік жасауға, сатуға және киіктің Бетпакдала популяциясының және жануарлар дүниесінің басқа да түрлерінің дериваттарын алуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейтілген режимде арнайы құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен жүргізу, қорғау жұмыстарын күшейтілген түрде жүргізілетіні жөнінде бұқарааралық ақпараттар құралдары (БАҚ) арқылы халыққа жеткізу, ескерту болып табылады.

Ұлытау облысының аңшылық алқаптардың жалпы ауданы 14935,37 мың га, бекітілген аңшылық алқаптарының ауданы 11101,61 мың га, резервтік қорының ауданы 3833,76 мың га құрайды. Облыс аумағында жалпы 36 аңшылық шаруашылығы бар, оның 25-і табиғат пайдаланушыларға бекітілген, 11-і қазіргі таңда резервтік қорда тұр.

Киік аңының өлім-жітіміне тоқталатын болсақ, 2023 жылдың қысқы кезеңінде «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалы инспекторлары автокөлік жол бойында, далалықта байқалған киік өлекселерін ауылдық округтер әкімдігінің қызметкерлерімен, ветеринарлық дәрігерлермен және учаскелік инспекторлармен бірлесіп Жаңаарқа ауданының аумағында 61 дана жұптасу кезеңінен кейін табиғи жолмен өлген ақбөкендердің өлекселері жиналып мал молаларында өртеу әдісімен жойылды. Сонымен қатар, көктем мезгілінің басынан бері инспекция, охотзоопром, полиция қызметкерлерінің ветеринарлық дәрігерлердің қатысуымен, Жаңаарқа ауданының аумағында 364 дана қыс айларында өлген киік өлекселері жиналып мал молаларында өртеу әдісімен жойылды.

2024 жылдың қысқы кезеңінен бастап қазіргі күнге дейін 212 киік қыс айларында өлген.

АҚПАРАТ ҮШІН:

Қазақстан Республикасы аумағында киік аңдары мекен ететін Орал, Үстірт

және Бетпақдала деп аталатын үш популяциялары бар, осы популяциялардың

биылғы көктемде (2024 жылдың сәуір мен мамыр айларында) әуе арқылы тік

ұшақпен және жердегі арнайы мониторинг топтары автотехникалармен

қажетті мамандардың қатысуымен жүргізілген санақ жұмыстары барысында:

Орал популяциясында-1 миллион 620 мың бас

Үстірт популяциясы- 63 мың 600 бас

Бетпақдала популяциясында-1 миллион 150 бас киік аңы (Ақбөкен)

саналып, барлығы-2 833 600 бас және 2016-2024 жылдар аралығындағы

салыстырмалы түрдегі ақпараттар негізінде киік саны 48% пайызға көбейгендігін көруге болады.