Әйгілі актер Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікір білдірді

Астанадағы Comic Con фестивалінің қонағы болған канадалық әйгілі актер Перси Хайнс Уайт алдағы қыркүйек айында елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікір білдірді.

«Иә, мен бұл туралы естідім. Менің ойымша, шабандоздардың жарыстарын америкалықтар жақсы көреді. Неліктен мұндай нәрсе Америкада жоқ екенін білмеймін. Сіздерде құстармен аң аулау сияқты көптеген қызықты көшпенділер ойындары және мен әлі біле бермейтін көптеген басқа да ойындар бар екен. Иә, әрине, мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті түрде келемін», — деп жауап берді Перси Хайнс Уайт.