Қаражал қаласының жаңа әкімі Айқын Елеусізов жұмысына кірісті. Елмен кездесіп,өңірді аралап шықты. Ақсақал-дардың батасын алды. Шешімін күткен мәселелер жайында ой бөлісті.
КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Қала басшысы өз жұмысын өңірдің ақсақалдарымен кездесуден бастады. Кездесуге ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, қоғамдық кеңестің үлкен буын өкілдері шақырылды.
Жиын барысында қала әкімі аға буынға өзін таныстырып, үлкендердің ақыл-кеңестері мен тұщымды ұсыныстарын әрдайым қарастыруға ашық екенін жеткізді.
– «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» демей ме атам қазақ. Үлкен іске кірісердің алдында өздеріңізбен кездесіп, ой бөлісіп, ақыл-кеңестеріңізді тыңдап, баталарыңызды алсам деген ой, – деді кездесуді ашқан Айқын Қы-лышұлы.
Өз кезегінде ақсақалдар сөз алып жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, көрегендік танытқан басшыға ризашы-лықтарын білдірді. Әрине, өңірдегі маңызды бағыттар да әңгімеден тыс қалған жоқ. Қызмет барысында баса назар аудару керек бірнеше жайттарды жіпке тізіп шыққан ақсақалдар ізгі тілектерін жеткізіп, баталарын берді.
ЖҰМЫС САПАРЫ
Әкім қаламен қоңсылас жатқан Жәйрем кентін де назардан тыс қалдырған жоқ. Кентке арнайы жұмыс сапарымен барып, жағдаймен жақын танысты.
Сапар барысында әкім «ГРЭ», «Дача» шағын аудандарында болып, кентте жүргізіліп жатқан жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. Жол жөндеу жұмыстарын «KazNetService» және «Арқа құрылыс – 2009» жауап-кершілігі шектеулі серіктестіктері атқарып жатыр. Жұмыс жалғасуда.
Айқын Елеусізов бұдан соң білім беру, денсаулық сақтау нысандарының жылу беру маусымына дайындығын және КЖТ нысандарына жылу беретін модульдік қазандықтарды тексерді. Бүгінгі таңда жылу беру маусымына дайындық жалғасуда және белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде. Жұмыс қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында. Олар үнемі мониторинг жасап, өзекті мәселелерді көтеріп келеді.
Сапар қорытындысы бойынша Айқын Елеусізов тапсырыс берушілер мен мердігерлерге нақтылы тапсырмалар берді.
ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасының бір парасы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабыл-дау өткізіп, көтерілген сұрақтарға нақтылы жауаптар қайтару. Міне, осы бағытта қала әкімі Айқын Елеусізов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өңірдегі тұрғын үй мәселесін, жұмыспен қамтамасыз ету жайын көтерді.
Қала тұрғындары жүгінген мәселелер егжей-тегжейлі қаралып, қолданыстағы заңнама аясында әрқайсысына түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫНДА БОЛДЫ
Өңірді қажетті отынмен қамтамасыз ету қазір өзекті. Алда қатал сыншы – қыс келеді. Оған қапысыз дайындық қажет. Осы мақсатта қала әкімі Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің білім беру нысандарын көмірмен қамтамасыз ету жайы-мен танысты. Шаһар басшысы жеке кәсіпкер Страмкаускастің иелігіндегі теміржол тұйығына барды. Сондай-ақ, бұрынғы жылу-энергетика орталығы аумағындағы екінші тұйыққа да барып мән-жаймен танысты.
Жұмыс сапары барысында Айқын Қылышұлы көмірді түсіру және тиеу үшін тұйықтардағы жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын көрді.
Орайы келгенде айта кетейік, аталған аумақта көмірді түсіруге арналған учаске дайындалуда. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтап, халыққа қатты отын жеткізуді бастау жоспарлануда.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ