Құрметті жерлестер!

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекетіміздің алтын қоры – еңбек ардагерлеріне, адал еңбегімен ел экономикасының негізін қалап, Егемен Қазақстанның дамуы үшін айтарлықтай үлес қосқан отандастарымызға үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Сіздер баға жетпес еңбектеріңізбен өз салаңыздың мамандарын даярлау бойынша тәлімгерлік дәстүрлерін нығайтып, аянбай еңбек ету идеологиясын өміріңіздің мәні ретінде насихаттайсыздар. Ар-намыс, парыз және адалдық сіздер үшін күнделікті өмірдің нормасы мен қажеттілігіне айналды.
Аға буын ретінде сіздер бүгінгі күні де кәсіби және адамгершілік тәжірибелеріңізді жастарға жеткізіп келесіздер. Олардың еңбекке, жұмысшы мамандықтарға деген сүйіспеншіліктерін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейсіздер.
Біздің мақсатымыз – лайықты еңбек қағидаттары мен стандарттары негізінде еңбек қатынастарын және оларды құқықтық реттеуді жетілдіруге қол жеткізу.
Біз Қазақстан экономикасы үшін жаңа сын-тегеуріндерге жауап беретін еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптарды одан әрі арттыруымыз керек.
Жұмысшы әулеттер мен еңбек ардагерлерінің қатары жылдан жылға толыға берсін! Әрқайсымызда әрқашан сүйікті ісіміз бен лайықты жұмысымыз, әріптестеріміздің құрметі және өз еңбегіміздің нәтижелеріне қанағаттану сезімі болсын деп тілейміз. Еліміздің барлық азаматтарына амандық пен Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында табысты еңбек тілейміз.

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.