Газдандыру мәселесі күн тәртібінде

Қазыналы өңірді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін шешу жолдары қазір қызу қаралуда. Осы мақсатта Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов түрлі мердігер компания өкілдерімен кездесіп, тиімді жолдарын іздестіруде.

Сондай бір келелі кездесу «Алия-Сервис» жауапкершілігі шек­­теулі серіктестігінің директоры А.Жу­­магуловпен болды. Кездесу барысында тараптар қазыналы өңірге газ тарту жұмыстарын талқылады.
Газ тарту жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, тұрғындарымызға тиімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба өңірдің дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.
Айқын Елеусізовтың «Qazaq­Gaz Aimaq» акционерлік қо­ғамы Қарағанды өндірістік филиалының өкілдерімен кездесуінде де өңірді газдандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
– Газдандыру – бұл біздің тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратын стратегиялық жоба. Жобаны жүзеге асыру экологиялық таза отынға қол жеткізуге, жылытуға кететін шығындарды азайтуға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Қаражал қаласының әкімі Айқын Қылышұлы кездесуде.
Өңірді газдандыру жобасының жұмыстары жақын арада басталады деп жоспарлануда. Бұл мәселе жергілікті биліктің ерекше бақылауында болады. Газдандыру – бұл тек инфрақұрылымның дамуы ғана емес, әрбір тұрғынның өмір сүру жағдайларын жақсартуға жасалған жаңа қадам.

Ізтай БеЛГІБАЙҰЛЫ