Қаражал вокзалы жаңғыртылады

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысының Жезқазған, Қаражал қалалары және Жаңаарқа кенті мен Қызылжар станциясындағы вокзал ғимараттары толықтай жаңартылады.

Қазіргі таңда аталған нысандарда техникалық тексерулер жүргізу және эскиздік жобаларды әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Бұл шаралар аяқталған соң құрылыс-монтаж жұмыстары дереу басталмақ.

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, қайта құру жобасы аясында:

  • вокзалдардың қасбеттерін жөндеу,

  • ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу,

  • қажетті бөлмелермен кеңейту

  • және заманауи талаптарға сай жабдықтау көзделген.

Сонымен қатар, ірі қалалар мен аудандардағы вокзалдарда жолаушылардың жайлы қозғалысы үшін галерея мен перрон салу да жоспарланып отыр.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ