Соңғы бірнеше күн АЭС құрылысын қолдау жөніндегі қалалық штабы Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде халық арасында түсіндірме жұмыстар өткізіп аралап шықты. Аймақ тұрғындары АЭС-ті қызу қолдап отыр. Кәсіпкерлер, өндіріс қызметкерлері, фермерлер, ақсақалдар, білім саласының қызметкерлері және қарапайым жұмысшылары электр қуаты тапшылығына мұқтаж болып отырғанын айтып шағымданды. Мұғалімдер, дәрігерлер, жастар және басқалар АЭС-тен еліміздің дамуы үшін көптеген жаңа мүмкіндік көзін көріп отыр.Халқымыз алға ілгерілеп, табысқа жету үшін жаңа қуат қажет екенін түсінеді. Ал бұл мәселеде бейбіт атомға жетер балама жоқ. АЭС — ұзақ жылдар бойы қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза энергия көзі болып саналады!
Барша қазақстандықтарды АЭС салынуын қолдауға шақырамыз!
Оспанова Замзагуль Кажмукановна,
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы