«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне құжаттар қабылдануда

Құрметті қала тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне құжаттар қабылданып жатқандығын хабарлаймыз.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа:

1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар  отбасылар қатыспайды.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – қалалық (аудандық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).

Конкурсқа қатысуға өтінім 15 мамырдан 15 маусымға дейін «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» 10 кабинет, Абай көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша  қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда қабылданады. Электрондық пошта ovp_karajal@mail.ru, анықтама телефоны  26068, 87009908765.

Конкурсқа тапсыратын құжаттар тізімі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады;

10) байқауға қатысуға өтінім-сауалнама;

11) презентация (портфолио);

12) отбасымен түскен суреттерден видеоролик.

Үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде комиссиялар мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалары мен немерелерінің жетістіктері (бар болса);

5) ата-аналардың рөлдік модель ретіндегі жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің – бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9) қоғамдық-пайдалы қызметке қатысу (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық және т. б.).);

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

Барлық сұрақтар бойынша «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.

Тел: 8 -71032- 2-60-68 , 8-700-990-87-65.