Кәріз желілері тартылуда 

Тұрғындарды көп толғандыратын мәселе коммуналдық шаруашылықтың жайы. Судың, жылудың уақтылы әрі сапалы жеткізілуі. Кәріз желілерінің болуы.

Алғашқы екеуінде әрине, жұмыс  барынша жүйелі жүреді деуге болады. Ал, кәріз желісінің жайы кейде сын көтермей жататыны бар. Тіпті, жеке секторларда тұратындар мұндай желілерді көрмеген де. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жергілікті билік ауылдарда да кәріз желісін тартуды қолға алып жатыр. Әрине, Үкіметтің тапсырмасынан кейін.

Осындай жұмыстардың нышанын Жәйрем кентінен де көруге болады. Биыл кентте кәріз жүйесін тарту жұмыстары қолға алынды. Сала мамандарының айтуынша биыл Жәйрем кенті бойынша Мұратбаев, Асатов көшелеріне және мәдени-сауық орталығына кәріз жүйелері тартылды.

Жұмыс басталғаннан бері кенттегі 9-орам бойынша магистраль тарту жұмыстары жүруде. Алайда,  форс-мажорлық жағдайға байланысты орын алған жұмыс толықтай қалыпқа келтіріп, әрі қарай Асатов көшесі, 15 және Сейфуллин көшесі, 10 үйлеріне кәріз жүйесін тарту жұмыстары жоспарлануда.

Ізбасар ОЙБАС.