ҚҰРМЕТТІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР!

Сіздерді Халықаралық Жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қай заманда да елдің жүгін арқалап, көк байрағын биікке көтеретін – жігерлі де білімді жастар.

Өр рухы мен асқақ арманы қатар жүретін сіздердің тың идеяларыңыз бен қарымды қадамдарыңыз қоғамымыздың жаңа келбетін қалыптастырып келеді. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Мағжан Жұмабаев атамыз «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» деп осынау жас буынға шексіз сенім артып кеткен еді. Міне, сол аманат пен үмітті ақтап, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нағыз патриоттар бүгін де арамызда жүргеніне куәміз.

Білім мен ғылымда топ жарып, спорт пен өнердің биік шыңдарын бағындырып, әлемдік ареналарда көк туымызды желбіретіп жүрген жастарымыз – баршамызға үлкен мақтаныш. Мемлекет тарапынан жас буынға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіліп, жарқын болашақтары үшін барлық жағдай жасалуда. Осындай сенім мен мүмкіндікті абыроймен ақтап, туған жердің өркендеуіне үлес қосу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Құрметті достар! Жүректеріңіздегі от сөнбей, әрбір бастамаларыңыз сәттілікке ұлассын. Ел ертеңі жолындағы ерен еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, биік белестерден көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке мен мол бақыт тілейміз!

Құрметпен,

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық маслихат төрағасы.