Шомылу маусымына орай Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.
Суға шомылу кезінде өте мұқият болу керек. Шомылуға тыйым салынған немесе жабдықталмаған жерлерде суға түсу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
412-бабына («Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе сақтамау») сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескеріңіз. Судағы қауіпсіздік талаптары: — Тыйым салынған аймақтар – арнайы белгілер қойылмаған және құтқару бекеттері жоқ жерлерде суға түсуге болмайды. — мас күйде, алкогольдік ішімдіктер ішкен күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады; — кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз су жағасында қалдыруға болмайды. Құрметті азаматтар, қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!
Ануар ЕРГАЗИЕВ,
Қаражал қаласы ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы.

