Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, қастерлі, қасиетті, құдіретті тілдердің бірі. Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Мемлекеттік тіл – қай елдің болсын даму құрылымын қалыптастыруда және оның әлемдік қауымдастықтағы өзіндік орнын анықтап, нақтылау үдерісінде саяси-экономикалық, саяси-идеологиялық әрі қоғамдық-әлеуметтік маңызды қызмет атқарады.
Қоғам мүшелеріне білім мен ғылым тіл арқылы беріліп, халыққа қызмет етеді.
Тілдің сақталуы ең алдымен отбасынан басталады. Бала тәрбиесінде қазақ тілін қолдану маңызды рөл атқарады. Ата-аналар өз балаларымен қазақша сөйлесіп, оларды қазақ әдебиетіне, мәдениетіне жақындатуы қажет.
Отбасы ішінде ана тілін кеңінен қолдану арқылы балалардың тілді үйренуі және оны қолдануы табиғи түрде дамиды.
Тілдің сақталуы үшін қоғамның жалпы қолдауы қажет. Әрбір азамат өз ана тіліне құрмет көрсетіп, оны күнделікті өмірде қолдануға тырысуы керек. Бұл үлкен мәдени құндылықты сақтау мен оны дамыту жолындағы маңызды қадам.
Қазақ тілін сақтап қалу үшін бірлескен күш-жігер мен ұлттың сана-сезімі қажет. Мемлекет, қоғам және әрбір адам өз үлесін қосып, тілді дамытуға атсалысса, қазақ тілі әрі қарай өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.
Тілдің тіршілігі оның қолданылуында, сондықтан, қазақ тілін күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыру — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Гүлжазира ТУЛЕУОВА,
Қаражал қалалық сотының аға сот приставы.
