Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кеншілер еңбегі әрқашан ерліктің, табандылықтың және адалдықтың символы болып келеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қаламыз дамып, өңір экономикасы нығайып, отбасылардың әл-ауқаты артуда. Әрбір еңбек күніңіз – болашақ алдындағы жауапкершіліктің және қайсар рухтың айқын үлгісі.
Қаражалдың кеншілік даңқының іргетасын қалаған ардагерлерге айрықша алғысымызды білдіреміз.
Биыл біздің қаламыз үшін ерекше жыл – «Оркен-Атасу» байыту фабрикасының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде кәсіпорын өнеркәсіптің сенімді тірегіне, тұрақтылық пен дамудың нышанына айналды. Бұл мерейтой – Қаражалдың өндірістік әлеуетін нығайтуға үлес қосқан барлық еңбеккерлерге алғыс айтуға тамаша мүмкіндік.
Құрметті жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға тыныштық пен береке тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан қауіпсіз болып, әрбір күніңіз қуаныш пен мақтаныш әкелсін!
Мерекелеріңізбен, Кеншілер күні құтты болсын!
Бақберген САТБЕРГЕНОВ,
«Өркен-Атасу» ЖШС «Өркен» өкілдігінің директоры