Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен және Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның басты құжаты, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығының, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының берік кепілі. Ата Заңымыз демократиялық құндылықтарды айқындап, әділетті әрі құқықтық мемлекеттің негізін қалады.

Осы 30 жыл ішінде Конституция мемлекеттілігімізді нығайтып, ел дамуының стратегиялық бағдарына айналды. Оның қағидаттарына сүйене отырып, еліміз саяси тұрақтылықты сақтап, әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді, халықаралық аренада беделі биік мемлекетке айналды.

Конституция күні – баршамызды заңға құрметпен қарауға, елдік пен бірлікті бағалауға шақыратын қастерлі мереке. Бұл мерейтойлы жыл – халқымыздың ортақ жетістіктерін айшықтап, болашаққа сеніммен қадам басуға жігерлендіреді.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Қазақстанымыздың Тәуелсіздігі баянды болып, Конституция құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!

Конституция күні құтты болсын!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.