Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жер қойнауын игеріп, табиғат байлығын халық игілігіне жаратып жүрген барша еңбек адамдарының құрметіне арналған айрықша күн.
Кенші еңбегі – адамзат өркениетінің дамуы мен елдің индустриялық қуатының негізі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз әрқашан еліміздің экономикалық өсіміне, өндірістің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етіп келеді. Кеншілердің табанды еңбегі – мемлекетіміздің тұрақты дамуының, ұлттық қауіпсіздігінің, болашаққа деген сеніміміздің берік тірегі.
Ардагер кеншілеріміздің өнегесі мен тәжірибесі – жас ұрпақ үшін баға жетпес мектеп. Ал бүгінгі кеншілердің қажырлы еңбегі – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға зор үлес қосуда. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қайсарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз бүкіл қоғам тарапынан ерекше құрметке ие.
Осы салтанатты күні барша кеншілерге және ардагерлерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз. Жер қойнауынан алынған әрбір байлық еліміздің игілігіне айналып, елдің қуатын арттыра берсін.
Кеншілер күні құтты болсын!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы