Көгілдір отын келетін күн алыс емес!

Компания басшылығы Жәйремнің бөлімшелеріндегі қазандықтарды көмірден газға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл бизнес идеяның төлқұжаты да бекітілді. Жобаны түбегейлі зерттеп, тиімді нұсқалар және техникалық шешімдерді іздестірумен «Казцинк» ЖШС кен байыту өндірісі негізгі қорлар басқармасының электр жабдығын, желдеткіш және компрессорлық қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету менеджері Дмитрий СТЕФУРАК айналысады.

– Қысқасын айтқанда, істің мәнісі былай, – деп бастады ол. – Жәйремде 10 қазандық жұмыс істейді: тоғыз кішкене жәнебірүлкен – полиметалл байытуфабрикасында. Олардың барлығы – көмір қазандықтары. Бірақ жанында газ құбырының магистральдық желісі өтеді. Біз қазандықтарды табиғи газға көшіруді ұсынып отырмыз.

– Бұл не береді?

– Біз ауыр қолеңбегін алып тастаймыз, өйткені, барлық газ қазандықтары 99 процентке автоматтандырылған. Негізінде көмірден көп мәселе туындайды: біресе бітеліп қалады, енді бірде нашаржанады, кейде күлі басқалай шығады, ұсақтағыш дұрыс жұмыс істемей қалады, арасында үлкен тас кесектері болады. Қысқасы, жабдықтың істен шығуы көбінесе көмірдің кесірінен болып жатады. Газға көшіру тұрақты жану шырағын, бу өндірімін алуға мүмкіндік береді, отынды дайындаумен байланысты апаттық жағдайлар жойылады. Нәтижесінде қазандықтың пайдалы әрекетінің коэффициенті жоғарылайды. Сонымен қатар, ауаға таралатын зиянды шығарындылар жоғалады, көмірді әкелу және күлді шығару қажеттілігі жойылады, отын магистральдық газ құбырынан келеді, ал қалдықтар мүлдем болмайды.

Жәйрем КБК қазандықтарын газдандыруға «Казцинк» ЖШС және «Жәйрем КБК» басшылығының қазандықтарды газдандыру шешімі ғана емес, бүкіл Жәйрем өңірін осы аталған отын түріне көшіру туралы мемлекеттің жоспары да негіз болды. Жобаның пайдасы айқын: бұл шығынның және ауаға таралатын зиянды шығарындылардың азаюы, қазандықтарды автоматтандыру, қызмет көрсететін мамандардың жұмысын жеңілдету.

«Жәйрем КБК» АҚ Жәйрем кентіне тиіп тұрған жерде орналасқан. Жаңа полиметалл байыту фабрикасы бір өндірістік қазандықпен жылытылады, онда жиынтық өнімділігі сағатына 38 Гкал екі су жылытқыш және үш буқазандықтары орнатылған. 2022 жылы қосымша буқазандығының орнатылуы жоспарлануда. Көмірдің орнына табиғи газды жағу мүмкін болу үшін, олардың барлығын қайта жаңғырту керек.

Жәйрем кенті мен өнеркәсіптік объектілер арасында осы өңірді және Жәйрем кентін газдандыруға арналған «Сарыарқа» (Қызылорда – Нұр-Сұлтан) магистральдық газ құбыры жүргізілген. Қазіргі таңда «Жәйрем КБК» АҚ газ құбырына тікелей қосуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған газ толтырғыш станциясының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Табиғи газдың калориялығы – 8 000 ккал/м3, көмірдікі – 5 500 ккал/кг. Жылдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін 25 225 750 текше метр газ қажет.

– Біздің газдандыру жоспарымызға сәйкес, – деп түсіндірді Дмитрий Стефурак, – ПБФ қазандығында қолданыстағы қазандықтарды табиғи газбен жұмыс істейтіндей етіп, лайықтап қайта құрамыз. Істен шығып қалған жабдықтарды (көмір дайындау, ұсақтау кешені, күлді шығару) тоқтату керек. Қалған қазандықтарды алып тастап, орнына 2020 жылы Риддерде орнатылған сияқты блокты-модульді шағын қазандықтар (БМҚ) орнату қажет.

Бұл шағын қазандықтардың зауыттық құрастырмасы отынның екі түріне лайықталып жасалған: газ және дизельдік. Аралас жанарғы (газ/дизель) орнатылған, қазандықтың меншік автоматикасы және қазандық суындайындайтын жүйесі бар. БМҚ тасымалдауға қолайлы, Риддерден Жәйремге теміржол платформасымен жеткізіліп, бірден құрылады.

«Жәйрем КБК» АҚ қазандықтарын газдандыруға жұмсалатын шығынның шамамен алғандағы құны 4,7 млн. $ артық құрайды.

– Бұл жоспардың қандай артықшылықтары бар?

– Тауарлы өнім шығаруға кететін шығын азаяды. Біз мазут пен дизель отынын олардан калориясы көп және арзанырақ сұйылтылған көмірсутегі газына алмастырамыз. Газ толтырғыш станциясын құру газды төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Зиянды шығарындылар азаяды. Ол жанған кезде ауаға таралатын шығарындылардағы көмірқышқыл газының көлемі мазутты жаққандағыдан екі есе төмен, және дизель отынымен салыстырғанда 15 процентке кем. Газ – бұл сонымен қатар қалдықсыз отын. Газ толтырғыш станциясын дайын инфрақұрылымы, сондай-ақ, күкірт қышқылы бар вагондар жеткізілетін теміржол қатынас жолы бар өнеркәсіп алаңшасында салуды ұсынып отырмыз. Теміржолды тек ГТС орналасатын жерге дейін ұзарту ғана керек болады.

– Қазандықтарды газға ауыстыру қазандықтардың ПӘК-ін арттыруға мүмкіндік бере ме?

– Әрине!

– Нәтижесі қаншалықты тиімді болмақ?

– 10 процентке дейін.

 – Әр қазандықта ма?

– Иә. Ал егер Жәйремдегі жаңа фабрика қазандығын алсақ, ол жиынтығында 30 проценттей көп бу бөлетін болады.

– Артықшылықтары айқын! Жобаны іске асырудың қандай мерзімдері белгіленген?

– Қазір жобалау, мемлекеттік сараптамадан өту, дайындаушы заводтың рұқсатын, келісімін алу белгіленген. Барлық осы рәсімдерден келесі жылы тек құрылыс жұмыстарымен және техникалық қайта қарулану мен айналысу үшін 2022 жылы өтеміз деп үміттеніп отырмыз. Алдағы қыста көктемде қазандықтарды газға ауыстыруды бастап кету үшін жабдықтарға тапсырыс беру жоспарда бар.

 – Ескі қазандықтар қала ма?

– Иә, бұрынғы қазандықтар қалады, бірақ, көмір толтырғыштардың орнына газ жанарғыларын қоямыз. Осылай бір жылдай жұмыс істеп көреміз, статистиканы байқаймыз, одан кейін, мүмкін, көмір оттықтарын бұзатын шығармыз.

– Дегенмен, газ көмірден қымбат қой.

– Иә, бірақ жұмыстың тұрақтылығы, өндірісті автоматтандыру, күлді сақтау мен кәдеге жаратуға жұмсалатын шығынның төмендеуі, көлікшығыстарының азаюы үнемдеуге және нәтижесінде барлықжағынан ұтуға мүмкіндік береді.

Андрей КРАТЕНКО.