2022 жылға Қаражал қаласы, Жәйрем және Шалғы кенттерінің тракторларын және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу туралы.
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.
Жылына бір рет техникалық қарап-тексеруге жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі және жергілікті атқарушы органда «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жатады.
- көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
машиналарды техникалық байқаудан өткізуге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
жеке тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):
нысан бойынша өтінішті; машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):
нысан бойынша өтінішті;
машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;
- портал арқылы жүгінген кезде:
электрондық құжат нысанында өтініш;
машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.
Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақаулы» деген жазу жазылады, ол ЖАО инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.
Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 айдан астам мерзімге шыққан машиналар, уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.
Техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін машиналар техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.
Қосымша ақпарат алу мен машинаны техникалық қарап-тексеруден өткiзу үшін «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мына мекен жай бойынша хабарласу керек: Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа көшесі 1, 3 қабат.Телефон 2-66-71.
«Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.