Президенттің Жолдауында 2025 жыл жұмысшылар жылы деп жарияланып, еліміздің еңбек нарығын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы талқыланды. Бұл бастама – әрбір еңбек адамының еңбегін лайықты бағалау, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру мақсатындағы маңызды қадам.
2025 жылы жұмысшылар жылы ретінде жарияланған бұл бастама еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосады. Еңбек адамына құрмет көрсету, оның еңбегін лайықты бағалау – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Құрылтай аясында ұсынылған шаралар арқылы әрбір жұмысшы өз еңбегі үшін әділетті қолдауға ие болады, ал қоғам – тұрақты және өркендеп келе жатқан мемлекетке айналады.
Ахметова Жұмакүл Жандаулетқызы — Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, Қаражал қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің директоры