Жол жөндеу жұмыстары — қарқынды

     Жол қашан да экономиканың күретамыры екені бәрімізге бесенеден белгілі. Ұлытау облысына қарасты қалаларының әкімдері облыс басшысы  Берік Әбдіғалиұлына биылғы жоспарланған жол жөндеу жұмыстары жайлы баяндады.

Ең алдымен, Жезқазған қаласы бойынша 2023 жылы ұзындығы 9,8 шақырым болатын 19 көшеге жөндеу жүргізу жоспарланған екен. Аталмыш  жұмыстар 31 наурызда бастау алғанын және оған бөлінген қаражат сомасы  138 млн. теңге екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, орташа жөндеумен 8 көшені, яғни 12 шақырым жолды қамту жоспарлануда. Ал бұл ауқымды іс 15 мамырда бастау алмақшы. Оған бөлінген қаражат саны  1,43 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, Сәтбаев қаласы бойынша, биыл 8 көшеге және ұзындығы 25 мың ш.м. болатын квартал аралық жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Аталған жұмыстар сәуірдің ортасынан бастау алмақшы. Оған 192 млн.теңге қаражат бөлінді. Жалпы орташа жөндеумен және абаттандырумен 5 көшені, яғни 7,4 шақырым жолды қамту жоспарда бар. Жұмыстар мамыр айында басталмақ, бөлінген қаражат құны — 701 млн теңге.

Сондай-ақ, Берік Әбдіғалиұлына Қаражал қаласы (және Жәйрем кенті) бойынша 2023 жылы ұзындығы 12 шақырым болатын 10 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды. Аталған ауқымды іс 1 мамырдан басталады, оған 10 млн. теңге бөлінді. Орташа жөндеумен бас аяғы 32 көшені, яғни 17,9 шақырым жолды қамту жоспарлануда. Жұмыстар 5 сәуірде басталмақ, оған 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы қазіргі таңда  біздің аймағымызды дамыту басты назарда. Оның ішінде Қаражал қаласының барлық көшелердің жолдарын жөндеу мақсатында тиісті жұмыс жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған мәселелер тұрақты бақылауға алынған. Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлына Ұлытау облысына қарасты қалалардың жол жөндеу жұмыстары қолға алынып, жандану қарқыны көңілге қонымды. Сонымен қатар қала ішіндегі жұмыстар да, оның ішінде жоғарыда аталған көше жолдарының жұмыстары қарқынды болса, Қаражал қаласының сәулеттік келбетінің артуына өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Өз тілшімізден