«Жезқазған-Шымкент» бағытындағы әуе рейсі ашылды

11 қазаннан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе кемелерімен «Шымкент-Жезқазған-Шымкент» жаңа бағыты бойынша субсидияланған рейстерді іске қосты.

Рейстердің басталуы 11 қазанға жоспарланған болатын, билеттер бүгіннен бастап сатылымда. Жолаушылар келесі кесте бойынша аптасына 2 рет сәрсенбі және жексенбі күндері аталмыш бағыт бойынша ұша алады.
IQ 545 Шымкент сағат 11.40 – Жезқазған сағат 13.10;
IQ 546 Жезқазған сағат 13.40 – Шымкент сағат 15.10.
Бір жақты билеттің тіркелген құны 15 000 теңге. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі, көлемді жүк 20 келі. Ұшу күнін өзгерткен және билеттерді қайтарған жағдайда ақша толық қайтарылады.
Толық ақпаратты www.flyqazaq.com сайытынан алуға болады.
Өз тілшіміз.