Жезқазған қаласының 1-ауылында жаңа футбол алаңының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай шағын футбол алаңы салынып, оның аумағы толық абаттандырылады. Бұл нысан ауыл тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарын «Нұрмейірім» экологиялық туризм» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – шілде айының соңы мен тамыз айының басы.
Аталған жоба өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

