Жазғы демалыс – қауіпсіздікпен маңызды!

Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жазғы каникул кезінде балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге велосипед тебу ережелері түсіндіріліп, жол қозғалысы талаптарын сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша кеңестер берілді.

Полицейлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз! 👮🚦

#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ