Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде, жастарға қолдау таныту мақсатында Қаражал қаласы «Мансап орталығы» филиалына аймағымызда жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін жыл сайын жұмысқа орналасу бойынша 2024 жылы жастар тарапынан 440 азамат жүгініп, келесі жобаларға жолдама алды.

«Жастар тәжірибесі» жобасына диплом алған 35 жас түлек, мамандығы бойынша жолданып, оның 9-ы мерзімінен бұрын тұрақты жұмысқа қол жеткізді.
Аймағымызда тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жағдайда жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ететін «Қоғамдық жұмыс» жобасына 160 азамат жолданды, олардың ішінде 116 жасөспірімдер қатарынан, жазғы демалыс кезінде ата-анасының рұқсатымен абаттандыру жұмыстарына жолданды, 18 азамат осы бағдарламаны аяқ­тап тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жо­­басына 2 азамат жолданды. «Ал­ғашқы жұмыс орны» жобасы аясында мамандығы келетін 17 азаматқа 18 айға жолдама берілді. «Тұрақты жұмыс» орындарына 234 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 48 азамат онлайн түрде оқып, 3 жыл мерзімге жарайтын сертификат иегері болып, оның ішінде көп балалы әлеуметтік осал топқа жататын 5 отбасы қайтарымсыз грант, 7 жас отбасы қала әкімінің грант иегері аталып өз кәсібін бастады.
Жұмыс берушілердің ұсынысына сәйкес қысқа мерзімді курстарды 10 адам тәмамдады, оның ішінде 6-ы жастар, келесі мамандықтар бойынша: тәрбиешінің көмекшісі 5 адам, аспазшы 1 адам.
Құрметті жастар!
Өз мамандықтарыңыз бойынша білікті мамандардан тәжірибе алып, алғашқы еңбек жолын, «Жас­тар тәжірибесі» жобасы ая­сында бастауға үлкен мүмкіндік бар. Бұл мемлекет тарапынан жас­тар үшін үлкен қолдаудың арқасында Жастар арасында жұмыссыздықты жою, оларға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты.
Барлық туындаған сұрақтар бо­йынша Қаражал қаласының «Мансап орталығы» филиалына, келесі мекенжайға барып, толық ақпарат алуға болады: Қаражал қаласы, Абай көшесі, 3 үй, тел.: 2-61-27.
Жәйрем кенті, Металлург көшесі, 27 үй, 2 қабат, 13 кабинет, тел.: 2-14-94.

Гүлнар САГИНТАЕВА,
«Мансап орталығы»
филиалының директоры.