ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС БАР

Бүгін Жезқазған қаласындағы «Мечта» СО 15-ке жуық жұмыс берушінің қатысуымен «Жастарға – жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеуші жастарға жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау.
Аталмыш шараға аурухана, мектеп, наубайхана, жұмыспен қамту бөлімі сынды түрлі мекемелер қатысты.
Жұмыс іздеген жастар қатары көп болғаны көңіл қуантты. Көбі колледж студенттері екен. Жұмыс істеймін деп шын ниеттенген жастарға екі қолға күрек табылары сөзсіз