«Жас талант — 2023» байқауы өтті

Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойы аясында «Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қаражал-Жәйрем аймағындағы жас талантты өнерпаздардың шығармашылығын әрі карай шыңдауға, олардың арасында шеберліктерін арттыруға, рухани-адамгершілік, эстетикалык, патриоттық тәрбиені болашақ ұрпаққа дәріптеуге арналған іс-шара өтті.

Аймағымыздың келешегін көркейтіп, әр өнерпаздың бойына мақтаныш сезімін және оған қатыстылығын қалыптастыру, беделін көтеру мақсатында 6-7 сәуір аралығында “Жас талант-2023” кастингі ұйымдастырылды.

Байқау барысында өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға жол ашу, дарынды жастарға шығармашылық қолдау керсету, патриоттық, азаматтық, мәдени-эстетикалық тербиелеу, дарындының даралығын насихаттау, қатысушылардың шығармашылық әрекеттерінің түрлері мен бағыттарын дәріптеу болды.

Өңіріміздің 14-18 жас аралығындағы ұл-қыздары өз өнерлерін көрсетті. Еркін тақырыпта өткен конкурстық шығарма жоғары деңгейде көрсетілді.

Қаражал-Жәйрем аймағынан 50-ге жуық қатысушы қатысып өз бағын сынады. Іріктеу кезеңінен өткен жастар 14 сәуір күні ФИНАЛДЫҚ кезеңге жолдама алды.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде шеберлігімен, талғампаздығымен финалдық кезеңге өткен жас талаттар өз өнерлерімен сахна төрінде қызу додаға түсті.

Көпшіліктің құрметіне бөленген жас өнерпаздарымыз байқауға «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өз шығармашылықтарын паш етті.

Мәдениет саласының кәсіби мамандарынан тізілген қазылар алқасының құрамының шешімімен Қаражал қаласы бойынша вокал (ән) номинациясында №7 ЖББМ 10 «б» сынып оқушысы Анель Мұхамеджанова І орынды, №7 ЖББМ 8 «а» сынып оқушысы Тоғжан Аманкешова ІІ орынды және №7 ЖББМ 11 «а» сынып оқушысы Анель Байсейіт ІІІ орынды иеленді. Күй номинациясы бойынша І орынды №1 ЖББМ оқушысы Айша Жақаева, ІІ орынды №7 ЖББМ 10 «а» сынып оқушысы Әлия Әбдісовет, ІІІ орынды, №7 ЖББМ 8 «ә» сынып оқушысы Жәнібек Қарсыбек иеленді.

Би орындаушыларынан І орын №1 ЖББМ 8 «ә» сынып оқушысы Кәусар Қуат, ІІ орын №1 ЖББМ 8 «ә» сынып оқушысы Райхан Асайын және ІІІ орын №7 ЖББМ 10 «а» сынып оқушысы Жолдасова Балаусаға бұйырды. Жәйрем кенті бойынша ән шығармашылығынан Назира Бахытхан І орынды, Аружан Нұғыманова ІІ орынды, Еркежан Наукенова ІІІ орынды иеленді. Би шығармашылығына Айзат Жақсыгелдинова — I орын, Жаннұр Турабекова — II орын, Дильназ Молдақанова — ІІІ орынды қанжығалады. Күй шығармашылығы бойынша Нұрболат Нұрғали I орын, Ердос Самен ІІ орын, Дидар Рахимбаева III орын жеңімпазы атанды.

Жүлде орындарын алған катысушылар І, II, III дәрежелі дипломдармен, арнайы статуэтка және ақшалай сыйықымен (1 орын – 30000 теңге, 2 орын – 20000 теңге, 3 орын — 10000 теңге) марапатталды.

Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын құндылығы, баға жетпес байлығы ол — жастар. Талантты жастарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Сания ТОҚАБАЕВА,

 «Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ маманы.