Жас спортшылар жеңіспен оралды

Татами мен рингтің болашақ жұлдыздары Қаражал-Жәйрем өңірі наградаларының қоржынын толықтырды.

2023 жылдың 3-4 наурызында Сатпаев қаласында 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо күресінен облыстық ашық турнирі өтті.

«Қаражал қаласының МОРДБЖМ дзюдо мектебі» КММ спортшылары 2 алтын, 5 күміс және 5 қола медалін ұтып алып, жеңіспен оралды.

Баянова Қарлығаш +44кг — 1 орын;

Ыдырыс Әжібек 46 кг — 1 орын;

Икласова Дильназ +44кг — 2 орын;

Шалғынбай Нұрасыл 42 кг — 2 орын;

Нұрлан Абдулла 46 кг — 2 орын;

Батырбек Нұртілеу 50 кг — 2 орын;

Қуанышева Сабина 36 кг — 2 орын;

Төлеуғазы Бексұлтан 30 кг — 3 орын;

Салимбек Әлинұр 26 кг — 3 орын;

Жанболат Бижан 30 кг — 3 орын;

Ермек Рахметолла 38 кг — 3 орын;

Арынғазы Әли +66 кг — 3 орын.

Сондай-ақ, 2-5 наурыз күндері Жезқазған қаласында бокстан 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында «Қазақстан Республикасының бокстан жоғары ұлттық дәрежедегі» төреші Мұқашбек Түсіпұлы Амановтың 50 жасқа толу мерейтойына арналған Республикалық турнирі өтті.

Біздің боксшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медалін қанжығалап қайтты.

Сәрсенбай Нұрдәулет — 1 орын;

Жүніс Диас — 2 орын;

Смайлов Әмірхан — 3 орын;

Маралов Олжас — 3 орын;

Шайхин Арман — 3 орын;

Бейсенгалиев Сұлтанәлі — 3 орын.

Ал 11 наурыз күні Жаңаарқа ауданында өткен  дзюдо күресінен 2011-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнирден  жас спортшыларымыз 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медалін жеңіп алып, жетістікпен оралды.

Киштаев Аслан — 1 орын;

Салимбек Әлинұр — 1 орын;

Иманберлі Әли — 2 орын;

Төлеуғазы Бексұлтан — 2 орын;

Хамитжан Айқын — 3 орын;

Жанболат Бижан — 3 орын.

Жас спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Қаражал қаласының «МОРДБЖМ» КММ ұжымы.