Жаңғырудың өзегі саяси реформалар

Бүгінде қалыптасқан жүйені жаңғыртып, реформаларды жаңашылдықтармен жүргізуді өмірдің өзі талап етіп отыр.Сондықтан болар, Президенттің биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті  мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталуы бекер емес. Халық та қазір қолға алынған өзгерістерден, жаңа реформалардан зор нәтиже күтеді, әрі оның тезірек орындалғанын қалайды.

Президенттің өзі де әр берген тапсырмасын, алға қойған міндеттерді уақыт созбай, жүйелі түрде жылдам іске асыру қажеттігін жиі айтып жүргені баршамызға аян. Жаңа саяси реформалардың ең басты ерекшелігі – халықты барынша саяси өмірге араластырып, талаптарын заңды түрде қоюға бейімдеу. Яғни, билік пен халық арасындағы алшақтықты азайтып, өркениетті елдердегідей тепе-теңдікті ұстау.  Жолдауда экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.

Президент  еліміздің экономикасын дамытуға қатысты Жолдауда айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалғанына тоқтала келе,  «Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз» деді.  «Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни, 450 миллиард долларға жеткізу» деп атап көрсетті.  Бұл Жолдаудың басымдық жағы – елдің байлығы мен табысын азаматтар арасында әділ бөлінуін, Ұлттық қордың қаржысын жүйелі жұмсау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайту, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру керектігі және ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұдан өзге Жолдауда бірқатар мәселелер көтеріліп, Үкіметке түрлі тапсырма жүктеді.

Ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі барлық реформалар, талаптар шаралары білім берудің қолжетімділігіне ғана емес, сондай-ақ, білім беру процесіне қатысушы: білім алушылар мен ата-аналардың, орта білім беретін мекемелер мен университеттердің жауапкершілігін арттыруға да ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді, енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.Біздің күшіміз  жастардың  қолында десек, бүгінгі жастар  жан-жақты білімді болуы керек.

Осыған орай, қалалық білім бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып кетейін. Білім бөліміне қарасты 11 білім беру ұйымы бар: олар 8 мектеп, 2 балабақша, 1 өнер мектебі бар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тоқталатын болсақ,  аймақтағы   «Балдырған» және «Балбөбек» бөбекжайларында 520 бала қамтылған. Оның екеуі де коммуналдық  мемлекеттік  мекеме болып табылады. №№ 3, 6, 7, 10, 11, 30 жалпы білім беретін мектептердің   шағын орталықтарында 195 бала тәрбиеленуде. Ал мектепалды даярлық топтарында 345 тәрбиеленуші бар. 2-6 жастағы балалардың 100%-ы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған. Әлі де  кезекте 507 бала  тұр. Қазіргі таңда Жәйрем кентінен жекеменшік бала бақша ашылады деп күтілуде. Қаражал қаласынан 2024 жылы жекеменшік балабақша салу жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдарда 68 педагог қызмет атқарады. Бүгінгі таңда   дефектолог пен логопед  мамандарына қажеттілік бар. 2023 жылы «Балбөбек» бөбекжайына 8,2 млн теңге қаражат бөлініп, жертөледегі кәріз құбырларының ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 21,4 млн теңге қаражат бөлініп, жаңа модульді қазандық салынып, іске қосылды.

2023 жылы  Жәйрем кентіндегі «Балдырған» бөбекжайында 13,5 млн теңгеге ағымдық  жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2 163 мың теңгеге қазандыққа ағымды жөндеу жүргізілді.

2023-2024 оқу жылында   8 мектепте 3395 оқушы білім алуда: 1-4 сыныптарда 1380 оқушы оқыса,  5-9 сыныптарда 1625 оқушы, 10-11 сыныпта 390 оқушы оқиды. №5 бастауыш мектебінде  (30 оқушы), №№ 1, 3, 6, 7, 10, 11, 30  жалпы білім беретін мектептерінде (3365 оқушы), білім беру ұйымдарында  346 педагог бар. Оның ішінде 49 зерттеуші, 84 сарапшы, 96 модератор, 7 жоғары санат, 10  І санат, 16  ІІ санат, 15 педагог, 6 зейнеткер бар. Қазіргі кезде 18 педагогке қажеттілік бар. Олар: математика (№10, №7, 30 мектептер), тарих (№10 мектеп), ұлдар технологиясы (№1 мектеп),  химия, биолгия пәндері (№,7 мектеп), физика пәнінен (№30 мектеп).  Балаларды тасымалдау бойынша жалпы 546 оқушы.  Қаражал қаласының №№ 1, 3, 7 мектептері бойынша – 470 оқушы,  Жәйрем кентінің №№ 10, 30 мектептерінен – 76 оқушы тасымалданады. Бүгінгі  күні № 1 және № 30 мектептерге автобустар алынды. Егер мектептерге жеке-жеке  тоқталатын болсам, № 3 ЖББМ бойынша,  өрт қауіпсіздігі дабылын орнатуға және видеокамераларды жөндеуге 3,4 млн теңге бөлініп, ЖК «ROYAL TECHO KZ»  мердігері арқылы орындалды. № 10 ЖББМ бойынша,  өткен маусымда жылу қазандықтарынан ақау шығуына байланысты екі қазандық ауыстыруға, түтін шығатын мұржаны ауыстыру және қазандық тұрған ғимаратты жөндеуге сметалық құжаттар жасалып,  облыстық  білім басқармасына 23,2 млн теңге бюджеттік өтінім жасалынды. Білім басқармасы қажетті қаражатты бөлді. Конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер анықталды.   Құрылыс жұмыстары жылу маусымына дейін аяқталды. Сондай-ақ, мектепке күрделі жөндеу жұмысының ПСД жасатуға 19,1млн теңге бөлініп, конкурстық рәсімдер жарияланды. № 11 ЖББМ бойынша,  өткен маусымда жылу қазандықтарынан мектепке дейінгі жылу трассасында ақау шығуына байланысты, жылу трассасын ауыстыруға     сметалық құжаттар жасалып,  облыстық  білім басқармасына 8,1 млн теңге бюджеттік өтінім жасалынды. Білім басқармасы қажетті қаражатты бөлді. Құрылыс жұмыстары толық  аяқталды. № 30 ЖББМ бойынша,  өткен маусымда жылу қазандықтары жарамсыз болуына байланысты 3 қазандықты ауыстыруға  және  басқа да жөндеу жұмыстарына  сметалық құжаттар жасалып,  облыстық  білім басқармасына 18,5 млн теңге бюджеттік өтінім жасалынды. Білім басқармасы қажетті қаражатты бөліп, тиісті құрылыс жұмыстары жасалынды. Жылу маусымына толық дайын. Сондай-ақ, мектепке күрделі жөндеу жұмысының ПСД жасатуға 12 млн теңге бөлініп, конкурстық рәсімдер жарияланды.  «Балбөбек» бөбекжайына  сәуір және мамыр айларында «Әділет құрылыс» ЖШС мердігері арқылы 8,2 млн теңге кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі су құбырлары мен электр жүйелері ауыстырылды. Бөбекжайдың жылу қазандықтарында және ғимараты жарамсыздығын ескере отырып жаңадан модульдік қазандық салуға облыстық білім басқармасынан 21,4 млн теңге қаржы бөлінді.  «MONARCH PRO»  ЖШС мердігерімен 16,5  млн теңге шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, іске қосылды. «Балдырған» бөбекжайының  жылу қазандықтарында және ғимаратын ағымды жөндеу жұмысына  сметалық құжаттар жасалып,  облыстық  білім басқармасына 4,8 млн теңге бюджеттік өтінім жасалынған. Білім басқармасы қажетті қаражатты бөлді. Конкурстық рәсімдер жарияланды.  Құрылыс жұмыстары жылу маусымына дейін аяқталды.

Көп жылдар бойы күрделі жөндеу жұмыстары № 6 жалпы білім беретін мектепте болмағандықтан биылғы жылы жоспарға сай, яғни, 2023жылдың шілде айынан бастап  күрделі жөндеу жұмыстары басталған.  «АRT Construction Company» ЖШС мердігерімен  205,3 млн   2023 жылдың сәуір айында  келісім шарт жасалынған. Мектептің ішіне және сыртына сылақ жұмыстары, жылу жүйесін, электр желісін, едендерін  ауыстыру жұмыстары және қоршаулар мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Осы жылдың 30 қарашасы күні    күрделі жөндеу жұмысы толық  аяқталады деп күтілуде.  Қала  мектептеріне жылу  маусымында қажетті көмір мөлшері 4 298 тонна болатын. Товарлы биржа арқылы жеке кәсіпкер Петр Страмкаускаспен  2023 жылдың ақпанында  келісім шарт жасалған.  Бүгінгі күнге көмірді тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаражал қаласы білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы: 11 білім беру ұйымдарында дауыстық хабарландыру  8 мектепте, 2 мектепке дейінгі ұйымда, 1 қосымша білім беру ұйымдарында бар. Мектептердің қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалануда. Барлық білім беру ұйымында  бейнебақылау орнатылған.  Полиция бөліміне  ЖБО-ға(ЦОУ)  9 білім беру объектісі қосылып тұр. 2023-2024 оқу  жылында  мектептер бойынша қажетті оқулықтармен жабдықтау үшін Облыстық білім басқармасына сұраныс берілген. Барлығы алынатын 26023 дана оқулық 46 340 574 теңгені құрайды. Оқулықтарды сатып алу мен жеткізудің облыстық білім басқармасы іске асырады. Сұраныс берілген оқулықтар  2023 жылдың қыркүйек айының соңына қарай  жеткізілді.    Мектептерге берілген тапсырыстары бойынша таратылып берілді.

Аймақ бойынша Ерекше білім беруді қа­жет ететін оқушылар саны — 83 (мектеп жа­сында — 66, мектепке дейінгі ұйымдарда — 17).

66 оқушының 57-сі жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарында, ал 9  оқушысы үйден оқытылады. Арнайы сыныптар жоқ.

Қаражал-Жәйрем аймағы бойынша  9 педагог-психолог, 3 логопед, 8 дефектолог, 7 әлеуметтік педагог, 9 педагог-ассистент мамандары бар. Қазіргі кезде  оқушыларды қосымша біліммен қамтуда өзекті мәселе бар.  Осы бағытта Қаражал қаласы бойынша «Балалар Өнер мектебі» қосымша білім беру ұйымы бар. Қосымша білім беру ұйымдарында 304 (8,9%) оқушы қамтылған. Сонымен қатар, 890 (25,8%) оқушы мектептердегі үйірмелермен және секциялармен қамтылған.

«FEST Алтын күз» Республикалық жас өнерпаздар арасындағы шығармашылық байқау-фестивалінде аспапта ойнау номинациясы бойынша   Мария Слепчук, Наргиза Ромазан жүлделі 1 орын, Чолпон Асанова 2 орын, (жетекшісі Жанар Орынбаева), Дильназ Илюсызова  1 орын (жетекшісі Айбек Болатов).

DANCE FEST «FANTASTIC TALENT» халықаралық шығармашылық би фестиваль-конкурсында театр бөлімі номинациясы бойынша  Бас жүлде, хореография номинациясы бойынша «Асылай» би  тобы 8-10 жас аралығында  жүлделі 1 орын, 5-7жас аралығында жүлделі 2 орынды иеленді. Аспапты ойнау номинациясы бойынша  фортепианода ойнау жүлделі — 1 орын.

«FARABILAND-2023» Республикалық шы­­ғармашылық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша домбыра тартудан Ұлықбек Балкенов жүлделі 2 орынды иеленді.

«Серпер» III Республикалық фестиваль-конкурсында көркем сөз жанры бойынша Інжу Бергентай – 1 орын, Нұрай Берік – 1 орын, Ақбаян Бөлеген — 3 орын, Медина Егінбай — 3 орын, Сабина Мұхамеджанова — 2 орын, Камшат Қуаныш — 1 орын, Раян Дулат — 1 орын иеленсе, «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қоры Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты ІІ Республикалық байқауында көркем сөз жанры бойынша  Інжу Жанай — 2 орын, Бергентай Інжу — 2 орын иеленді.

Жалпы елдегі саяси және экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны ақиқат.

Тілеш АШТАЕВ,

Қаражал қалалық білім

бөлімінің басшысы