Депутаттар мен қауымдастық мүшелері әкіммен кездесті

Жәйрем кенті әкімдігінде кент әкімі Қайрат Жансағымов, әкім орынбасары Бектемір Темірбай, жергілікті Қауымдастық төрағасы Асқарәлі Омаров, Қаражал қалалық мәслихат депутаттары Марлан Шамбулов, Данияр Жақсыбеков, Нұрбек Құлжанов және қауымдастық мүшелері бас қосты.

Жиналыстың күн тәртібінде:

  1. Ұлытау облысы әкімдігі мен “Казцинк» ЖШС арасындағы 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық Меморандумның қорытынды жобасын талқылау;
  2. Ұлытау облысы әкімдігі мен “Жәйрем марганеці” ЖШС арасындағы 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық Меморандумының жобасын жоспарлау;
  3. 2024 жылға арналған Жәйрем кентінің бюджеті туралы;
  4. Жәйрем кентінің қауымдастық мүшелерін анықтау;
  5. Әртүрлі сұрақтар.

Ұлытау облысы әкімдігі мен “Казцинк» ЖШС арасындағы 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық Меморандумның қорытынды жобасы талқыланды, аздаған өзгерістер енгізілді. Депутаттар тарапынан айтылған бірқатар ұсыныстарды әкім назарына алатынын жеткізді.

Ұлытау облысы әкімдігі мен “Жәйрем марганеці” ЖШС арасындағы 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық Меморандумының жобасын жоспарлау аталған кәсіпорын орналасқан жер иелігін нақтыланған соң қолға алынатын болды.

Жәйрем кентінің 2024 жылға арналған бюджеті толықтай қаралып, жақсы бір сүзгіден өткізілді.

Жергілікті қауымдастық мүшелері қайтадан анықталып, халық үшін, кент үшін атқарылатын жұмыстарда белсенділіктері төмен жандар өз еріктерімен қауымдастық мүшелігінен шықты. Қалған азаматтар іріктеліп, қайтадан құрам бекітілді.

Жәйрем кентін көркейтуге, жәйремдіктерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бар жоспарымыз тек сәтті болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Теректі ШАҒАТАЙ.