«Казцинк» компаниясы Жәйрем кентінің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеді.
Жуырда ел сондай бір шараға куә болды. Компания басшылары кентке екі арнайы техниканы (самосвал мен экскаватор) сыйға тартты. Бұлардың қатары бірер күндерде су тасымалдайтын көлікпен (водовоз) толығады.
Аталған сыйлық компания мен әкімдік арасындағы өзара ынтымақтастық Меморандумы аясында сатып алынды.
Өз тілшіміз.