Қорғаныс істері бөлімінде — жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Арман Мақажанов Қаражал қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Арман Рысқалиұлы Мақажанов еңбек жолын 2007 жылы Қаражал қаласында «Сартан» ЖШС-де учаске шебері болып бастады. Тағайындалғанға дейін Нұрсұлтан қаласы Байқоңыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Қалалық қорғаныс істері жө­нін­дегі бөлім басшысын Ұлытау облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы Ерлан Мейрамбеков қала активіне таныстырды.
Өз кезегінде қала әкімі Айқын Елеусізов жаңадан тағайындалған басшының алдына міндеттер қойып, жұмыста табыс тіледі.

Өз тілшіміз.