Өткен аптада Қаражал қаласының «Құрметті азаматы», жазушы, ақын, журналист, өлкетанушы, бірнеше кітаптардың авторы, жерлесіміз Төлеухан Ілиясовтың «Каражалские зори» атты кітабы жарық көрді. Автор бұл кітабын келер жылдың басында 60-жылдығын атап өтетін сүйікті қаламыздың мерейтойына арнады.
Кітап мазмұны хронологиялық ретпен орналастырылған 8 бөлімнен тұрады. 1910 жылдан бастау алған өлкенің тарихына терең бойлай отырып, алғашқы кен іздеушілер мен оны табушылар одан әрі оны зерттеп, жүзеге асырғандар жайлы кеңінен таратып жазған. Одан кейінгі бөлімінде өлкенің жетістігі мен тоқырау жылдарындағы басынан өткен қиындықтарын сөз еткен.
Соңғы бөлімдерінің бірінде «Қаланың тағдыры журналист көзімен» деп аталып, өрлеуі мен құлдырауын кеңінен баяндай отырып, қаланың болашағы жайында да ой тербеткен. Автор кітабын баспадан шыққан бетте аймақ басшысы Тілектес Досаевқа таныстырды. Кітапқа зор алғысын білдірген аймақ басшысы авторға шығармашылық табыс тіледі. Т.Ілиясовтың жаңа кітабы рухани қазынамыз деп білеміз. Болашаққа қалар осындай асыл мұраларымыз дәріптей білейік.
Өз тілшімізден