Жұмысшы мамандықтар жылы!

Бұл жыл – қолымен іс тындырып, ел экономикасының негізін қалаған жұмысшы мамандық иелеріне арналған ерекше құрметтің белгісі.

Агрономнан бастап, дәнекерлеушіге дейін, құрылысшыдан аспазға дейін – әрбір еңбек адамы ел дамуының темірқазығы.

Олардың қажырлы еңбегінсіз бірде-бір сала алға жылжымайды.

Жұмысшы – өндірістің жүрегі, қоғамның тірегі!

Биыл – осы мамандық иелерінің беделін арттырып, еңбегін елеп-ескеретін жыл.

Әр күннің маңызын терең сезінетін, табан ақы, маңдай термен нан тапқан барша еңбек адамдарына мың алғыс!

Құрмет пен қолдау – жұмысшының еншісі болсын!