15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТОблыс әкімі Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті15.10.2026
Ақпарат ағыны

Жұмысшы мамандықтар – ел дамуының тірегі

30.07.2025 · 12:00 · admin

Қазіргі қоғамда еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру – уақыт талабы. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – осы саладағы мамандардың беделін көтеруге, олардың қоғамдағы рөлін нақты көрсетуге бағытталған маңызды бастама.
Электрші, дәнекерлеуші, құрылысшы, жүргізуші, аспаз, механик секілді жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Инфрақұрылымнан бастап, өндірістік даму мен халықтың күнделікті тіршілігі – осы мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Бүгінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі жаңарып, заманауи технологияларды меңгерген жас мамандардың жаңа буыны қалыптасуда. Бұл – жұмысшы мамандықтарының келешегі бар екенін, олардың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек бір науқан емес, бұл – еңбек адамына деген құрметті, қоғамдағы көзқарасты түбегейлі өзгертудің бір жолы. Осы арқылы жастарды кәсіпке баулу, нақты мамандыққа бағыттау және экономикалық өсімге жол ашу көзделіп отыр.
Нағыз еңбек – табыс пен тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан әрбір жұмысшының еңбегі бағалануы тиіс.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна
Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры