«Казцинк» әдеттегідей кенттегі тұрғын үйлерді жылытуға қажетті көмір сатып алуға қаржы бөлді. Жиыны бес мың тонна қатты отын сатып алу жоспарланған. Бұл Жәйремдегі барлық 17 көпқабатты үйді жылытуға жетеді. Тағы да алты үй тікелей кен байыту комбинатына қарасты, бірақ олар да компания есебінен жылытылатын болады.
«Казцинк» көмірден басқа жылыту кезеңінде қазандықтарға қызмет көрсететін от жағушылардың қосымша жалақысына да қаражат аударды.
Өз тілшіміз.