«Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ ұсынысы негізінде және «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қолдауымен бүгіннен бастап кентте модульдік газ құю станциясы (АГЗС) 24/7 режимінде толық көлемде жұмыс істей бастады. ⏰
📍 Мекенжайы: «Бекарыс» жанармай құю станциясы.
🔹 Газ жеткізуші: «БЕРКУТПЕТРОЛ» ЖШС.
💰 Бекітілген бағалар:
• Тұрмыстық тұтынушылар үшін — 150 тг.
• Көлік үшін — 117 тг.
Станцияның іске қосылуы автокөліктерді табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кент инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
