Жәйрем кентінде кәріз желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда

Жәйрем кентінің кәріз желілері өткен ғасырдың 70-жылдарында салынған, осыған байланысты олардың тозуы шамамен 80% ды құрайды.

Желілердің өзін қайта құрудан басқа, жұмыс барысында кәріз тазарту құрылыстары жүргізілетін болады. Құрылыс кезеңі – 2022-2024 жж. Сараптамалық қорытындыға сәйкес жобаның жалпы құны 2 031,482 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Наладочный центр Темиртау» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды. Техқадағалау — «Строй Потенциал» ЖШС. Авторлық қадағалау — «Jetisu Project» ЖШС.