Жәйрем кенті әкімінің 2023 жылдың III тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың ІII  тоқсанында Жәйрем кенті бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін назарларыңызға ұсынамыз.

Алдыңғы есеп беру кездесуде көтерілген сұрақтар

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы Жәйрем кенті әкімінің 2023 жылдың IІ тоқсанында атқарылған  жұмыстары бойынша есеп беру кездесу барысында көтерілген 16 мәселелі сауалдардың 3-і бойынша жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда:

1) 9 орамдағы қоқыс алаңдары мәселесі;

2) Көшеде қараусыз жүрген сиырлардың иелеріне шара қолдану мәселесі;

3) Көшедегі қаңғыбас иттерді аулау мәселесі.

 

Кент  бюджеті

Кент бюджеті ағымдағы жылдың тамыз айындағы Қаражал қалалық мәслихатының сессиясымен қайта нақтыланып, жылдық қаржыландыру жоспары 1 734 598 000 теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда жылдық қаржыландыру жоспары 1,7 есеге, яғни, 686 059 000 теңгеге ұлғайды және оның 1 090 797 000 теңгесі 3 тоқсанның жоспары болып бекітілді, 2022 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 2,7 есеге, яғни, 684 896 000 теңгеге артты. Осы жоспардың 1 090 787,5 теңгесі игерілді, немесе 99,99% орындалды. Бұл қаражат төменде көрсетілген мақсаттарға бөлінді:

— Кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, жоспар  95 825 000 теңге, орындалуы 99,99%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 48% орындалды (яғни, 150 064 000 теңгесі игерілді);

— Әлеуметтік көмек көрсету бөлімін қамту, жоспар 3 921 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 72% орындалды (яғни, 10 060 000 теңгесі игерілді);

— Жергілікті деңгейде мәдени-сауық орталығының қызметін қолдау, жоспар 164 328 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 92% орындалды (яғни, 186 771 000 теңгесі игерілді);

— Кенттегі көшелерді жарықтандыру, жоспар 27 701 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 38% орындалды (яғни, 36 479 000 теңгесі игерілді);

— Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, жоспар 5 218 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 57% орындалды (яғни, 7 318 000 теңгесі игерілді);

— Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жоспар  118 333 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 59% орындалды (яғни, 190 977 000 теңгесі игерілді);

— Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, жоспар 39 600 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 56% орындалды (яғни, 79 500 000 теңгесі игерілді);

— Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоспар 17 460 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 77% орындалды (яғни, 49 349 000 теңгесі игерілді);

— Кент жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары, жоспар 290 279 000 теңге, орындалуы – 100%, аталмыш бағдарламаның жоспары жыл басынан 67% орындалды (яғни, 380 279 000 теңгесі игерілді).

Салықтық түсімдер:

2023 жылдың 3 тоқсанында салықтық түсімдердің жоспары – 23 022 000 теңге, орындалуы 1,6 есеге көбейді (ол 37 634 700 теңге), жылдық жоспардың орындалуы 85%. 2022 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.

Салықтық емес түсімдер:

2023 жылдың 3 тоқсанында салықтық емес түсімдердің жоспары – 1 450 000 теңге, орындалуы 5 есеге көбейді (ол 7 354 800 теңге), жылдық жоспардың орындалуы 206%. 2022 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 4,8 есеге ұлғайды.

 

Автокөлік жолдары

Автокөлік жолдарын ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша облыстық  бюджеттен 300 000 000 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 262 146 000 млн. теңге қаражат бөлінді.

  1. Автокөлік жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 300 000 000 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 290 585 045 теңге жол жөндеу жұмыстары бойынша, 9 414 955 теңге техникалық қадағалау жұмыстары бойынша бөлінді. Мердігер «KazNetService» ЖШС, ұтып алған сомасы – 290 080 000,00 теңге. Жалпы жұмыс көлемі – 25 064м2. Қазіргі таңда, Саяжай ықшам ауданының (мкрн Дача) басты көшесін толық асфальттау жұмыстары аяқталды, жұмыс көлемі — 8400м2, лабораториялық сынақтамасы толық өтті.  Қалған 16 664м2 Жәйрем ГРЭ ықшам ауданында асфальттау жұмыстары да (Береке, Первооткрывателей көшелері) аяқталды, лабораториялық сынақтама енді алынады. Аталмыш жұмыстардың төлемі, тек лабораториялық оң нәтежиеден кейін ғана төленетін болады.
  2. Техникалық қадағалау жұмысы бо­йынша Мердігер «АстанаДорАркитекс» ЖШС. Ұтып алған сомасы — 8 473 459.68 теңге. Орташа жөндеу жұмыстарымен қатар жұмыстарын жүргізуде.
  3. Екінші автокөлік жолдарын орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 262 146 000 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 253 919 023 теңге жол жөндеу жұмыстары бойынша, 8 226 976 теңге техникалық қадағалау жұмыстары бойынша бөлінді. Жол бойынша ұтып алған «Арқа құрылыс» ЖШС Жаңаарқа, ұтып алған сомасы — 253 807 020 теңге. Жұмыстары толық аяқталды. Лабораториялық сынақтамадан оң нәтижелер алынды.
  4. Техникалық қадағалау жұмысы бойынша мердігер «КустанайСпецСтрой» ЖШС, (Түркістан, Шымкент, Қостанай қалаларында тіркелген), ұтып алған сомасы – 7 404 278 теңге. Жұмыстары толық аяқталды.
  5. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен 38 040 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «ЖЖЖ Жалгас» ЖШС, ұтып алған сомасы — 27 000 000 теңге қазіргі таңда жұмыстарын жүргізуде.

 

Қауіпсіз қала

Кентіміздің қауіпсіздігі үшін кент бойынша 2021 жылы 9 дана, 2022 жылы 10 дана бейнебақылау камералары орнатылған. 2021 жылы Металлургов — Абай көшесі қиылысына көше қауіпсіздігі үшін бағдаршам орнатылды.

Бүгінгі күнде, кент бойынша 64 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылы кентіміздің қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынуда:

  1. Бағдаршамды және бейнекамераларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 3 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер ЖК «Мансур» Жәйрем, ұтып алған сомасы – 2 678 000 теңге. Аталмыш Мердігер бағдаршамды және 19 бейне камераларын күтіп ұстау жұмыстарын жасауда.
  2. Бейнекамералар орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 18 708 800 тенге қаражат бөлінді. Мердігер «Energy MMA» ЖШС Жәйрем, ұтып алған сомасы – 10 504 285,00 теңге. Аталмыш Мердігер кент бойынша белгіленген жерлерге 29 бейнекамераларды орнату жұмыстарын жүргізіп, қосымша келісім шарт аясында 3 000 000 теңгеге 15 бейнекамераларын орнатып, қосымша монитор орнату жұмыстарын жүргізді.
  3. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары аясында Қаражал қалалық полиция бөлімімен келісіліп жол белгілері орнатылып, кенттің басты көшелеріне жол белгілері сызылды (разметка дорог). Сонымен қатар автокөлік жылдамдығын азайту мақсатында жасанды соққылар орнатылды (искуственный неровность).

Аталмыш бейнебақылау камералары арқылы ағымдағы жылы 505 бап бойынша 276 хаттама толтырылды,   4 570 664 теңге айыппұл салынып, 3 678 994 теңге өндірілді.

 

Абаттандыру

  1. Техникалық тротуар салу жұмысына жергілікті бюджеттен 38 444 316 теңге қаражат бөлінді, Мердігер — «FERAZh-30» ЖШС, ұтып алған сома – 25 480 000 теңге. Аталмыш мердігер келісім шарт бойынша Металлургов көшесі бойына (Асатова қиылысынан Мешітке дейін) 1490 м2 техникалық тротуарын салу жұмыстарын жүргізді.
  2. Балалар ойын алаңқайын, спорт алаңдарын және жаттығу алаңдарын күтіп ұстау жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 15 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – ЖК «Балабеков Н» ЖК, ұтып алған сомасы – 6 948 000 теңге. Аталмыш мердігер 27 балалар ойын алаңын, 6 жаттығу алаңдарын және 10 спорт алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде.
  3. Саябақтар және аллеяларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 15 000 000 теңге бөлінді, мердігер- «ЖЖЖ Жалгас» ЖШС, ұтып алған сомасы – 5 999 999 теңге. Аталмыш мердігер «Жастар», «Жеңіс» саябақтары, Абай алаңы, Металлургов аллеясын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде.
  4. Металлургов алаңын абаттандыру (сол жақ бойын) жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 50 070 605 теңге қаражат бөлінді. Мердігер — ТОО «Perfect design», ұтып алған сомасы – 39 088 000 теңге. Аталмыш мердігер Металлургов көшесі бойын толықтай қоршаулар орнатылып, жасанды көгалдар төселініп, брусчатка салу жұмыстарын аяқтады. Сонымен қатар, жарықтар мен орындықтар орнатып, қоқыс салатын жәшіктер қойып, биіктігі 10 метрлік «Шаңырақ» шағын архитектуралық формасын орнату жұмыстарын жүргізді.
  5. 2-орамды абаттандыру жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 43 456 416 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Perfect design» ЖШС Жәйрем, ұтып алған сомасы – 27 776 500 теңге. Аталмыш Мердігер 2-орамдағы көп қабатты тұрғын үйлердің алдына 435 секциялық қоршаулар орнатып, 64 орындық, 64 қоқыс жәшіктерін орнатты. Сонымен қатар 3 самалжай (беседка) орнатылды.  Үнемделген соммаға 15 600 000,00 теңгеге 2 көп қабатты тұрғын үй алаңын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
  6. 7-орамды абаттандыру жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 60 941 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Нур-Строй Гарант» Караганды, ұтып алған сомасы – 54 208 000 теңге. Аталмыш Мердігер 7-орам ішін асфальттау, үйлердің алдына қоршаулар орнату жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар, қазіргі уақытта, әр есік алдына орындық, қоқыс жәшігін және орам бойынша самалжай (беседка)  орнатуда.
  7. Жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 11 500 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «ARKA Group Co» ЖШС Жәйрем, ұтып алған сомасы – 10 167 857,00 теңге. Асатова -1066м2, Абай — 190м2 жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары толық жүргізілді.
  8. Волейбол алаңдарын орнату жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 19 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – ЖШС «Абадан груп», ұтып алған сомасы –9 000 000,00 теңге. Мердігер 2 волейбол алаңдарын орнату жұмыстарын толық аяқтады.
  9. «Жәйрем – Болашақ» КМК мекесінің гаражын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер — Абдрахманов Н.К. «Байқоңыр» шаруа қожалығы Жанаарка, ұтып алған сома – 15 000 000 теңге. Негізгі шарт бойынша жұмысатарын толық аяқтап, қосымша келісім шарт бойынша жұмыстарын жүргізуде.
  10. «Жәйрем – Болашақ» КМК мекесінің гаражын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Мансур» ЖК, ұтып алған сома – 13 999 000 теңге. Негізгі шарт бойынша жұмысатарын толық аяқтап, қосымша келісім шарт бойынша жұмыстарын жүргізуде.

 

Көгалдандыру

Апаттық жағдайда тұрған талдарды кесу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 3 000 000 теңге бөлінді. Мердігер ОО «Жалын», ұтып алған – 2 200 000 теңге. Қазіргі таңда негізгі шарт бойынша жұмысатарын толық аяқтап, қосымша келісім шарт аясында жұмыстарын жүргізуде.

 

Жарықтандыру

  1. 3 дана КТПН сатып алу және орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 26 100 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Олимп-2014» ЖШС, ұтып алған сомасы – 16 486 400,00 теңге. Аталмыш Мердігер 3 дана КТПН сатып алып орнату жұмыстарын жүргізді. Қосымша іске қосу жұмыстары жүргізілді.
  2. Жарық шамдарын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 18 300 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер –«Perfect design» ЖШС, ұтып алған сомасы – 9 856 000 теңге. Аталмыш Мердігер қазіргі таңда 62 дана жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізуде.
  3. 2-орамдағы жылу қазандықтарына реклоузер орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 8 500 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер –«Мансур» ЖК, ұтып алған сомасы – 5 485 000 теңге. Қазіргі таңда негізгі шарт бойынша жұмысатарын толық аяқтап, қосымша келісім шарт бойынша жұмыстарын жүргізуде.

 

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі кенті әкімі аппаратының «Жәйрем-Болашақ» КМК мекемесі  айналысады.

3-тоқсанда кенттегі сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 30 000 000 теңге қаражат бөлінді. Бөлінген сома кенттегі су құбырларында орын алған 3 апатты жағдайларды және кәріз құбырларындағы 75 апатты жағдайларды жоюға жұмсалды.

Судың шығынын есептеу мақсатында 1016 дана есептегіш, оның ішінде 20 дм-500 дана, 25 дм – 500 дана және 50 дм -16 дана есетегіш сатып алып орнату жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат – 23 750 000 теңге.

Сонымен қатар, 2 дана су ысырмаларын (задвижка) сатып алып орнату жұмыстары жүргізілуде (400 дм). Бөлінген қаражат – 7 500 000 теңге.

Кәріз жүйесінің ғимаратын жөндеу мақсатында жергілікті қаражаттан 10 000 000 тг қаражат бөлінді, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  1. 50 дана қоқыс контейнерларын сатып алу бойынша жергілікті бюджеттен 3 600 000 теңге қаражат бөлінді, мердігер – «KTM Group» ЖШС, ұтып алған сомасы — 2 183 944,00 теңге. 50 дана қоқыс жәшіктері сатып алынды.
  2. Қоқыс алаңдарын қоршау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 5 750 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Мансур» ЖК, ұтып алған сомасы — 4 097 000,00 теңге. Келісім шарт уақытына сай 12 қоқыс алаңдары орнатылды. Үнемделген сомаға қосымша жұмыстар жасалынды.
  3. Рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 5 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Айкенов» ЖК, ұтып алған сомасы — 1 849 999 теңге. Негізгі шарт бойынша жұмысатарын толық аяқтап, қосымша келісім шарт бойынша жұмыстарын жүргізуде.

 

Жылумен қамту

  1. Жылу қазандығын кеңейту мақсатында жергілікті бюджеттен 79 213 000 теңге бөлінді. Мердігер – «Караганда-Котломаш» ЖШС, ұтып алған сомасы – 75 252 349,09 теңге. Жұмыстар толық аяқталып, қазіргі таңда жылу қазандығы жұмысқа қосылды.
  2. Қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 10 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «Жалгас» ЖК Жаннарқа, ұтып алған сомасы — 9 966 880 теңге. Шарт аясында толық жұмыстар жүргізілді.
  3. Қосымша 2-орамдағы және Абай көшесіндегі жылу қазандықтарына 2 дана генератор сатып алу және орнату жұмысы бойынша 11 491 000 теңге бөлінді. Мердігер – «Casper Group» ЖШС, ұтып алған сомасы – 8 373 568,00 теңге. 2 дана генератор сатып алып орнатылды.
  4. Жылу қазандықтарын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 50 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Emar Compani» ЖШС, ұтып алған сомасы — 43 430 400,00 теңге. Ұтып алып алған сомаға 5 қазандық орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Әлеуметтік сала

2023 жылдың ІII тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтылу үшін 15 адам өтініш берді, оның ішінде: кент мекемелеріне  тұрақты түрде жұмысқа орналасқандар саны – 9 адам, әлеуметтік жұмыс  орындарына жіберілгендер саны – 1 адам, жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 6 адам, қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны – 2 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 6 отбасы 22 адам тіркелді. Қазіргі таңда өтінім қабылдануда.

2023 жылдың III тоқсанында барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 10 мәдени іс-шара өткізілді.

 

Кент әкімі аппараты бойынша 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентіне сәйкес, есеп беру кезеңінде кент тұрғындарына 99 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

— Отбасы құрамы көрсетілген тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтамасы – 73;

— Пеш жағатыны туралы анықтама – 2;

-«Е-Лицензирование» сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -22;

— Көпбалалы аналарды Мемлекеттік награда «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқасымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу. Есеп беру кезеңінде 2 іс рәсімделіп, наградтауға ұсынылды. Бүгінгі күні кент бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқасымен 139 көпбалалы ана награтталды.

2023 жылдың IІI тоқсанында кент әкімінің атына   жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны 6 құрады.

Есеп беру кезеңінде кент әкімімен қабылданған шешімдер саны – 1, өкімдердің саны – 65, оның 23-і – негізгі қызмет бойынша.

2023 жылдың IIІ тоқсанында  жергілікті қауымдастықтың 2 жиналысы, 1 жиыны өтті.

Жиналыстар барысында көтерілген кейбір күрделі мәселелер:

— Кент бойынша мердігерлердің атқарып жатқан жұмыстарын сапалы жасалуын қадағалау;

—  Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі;

—  Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу;

—  2023-2025 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау;

—  Меморандум аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау.

 

Кент бойынша проблемалық сұрақтар:

  1. Иесіз бос тұрған апатты жағдайдағы үйлерді бұзу;
  2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу бойынша полигонға арнайы қондырғы орнату мәселесі;
  3. Білім беру нысандарының жетіспеушілігі (балабақша);
  4. Тұрғын үй құрылысының жеткіліксіздігі.