17 шілде күні Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы алаңында «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-ның 50 жылдығына орай және Металлургтер күніне Салтанатты кешке комбинат қызметкерлері, еңбек ардагерлері, кент тұрғындары мен қонақтары жиналып, металлургтердің ерен еңбегі мен кәсіпорынның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесіне құрмет көрсетті.
Концерттік бағдарламада қазақстандық танымал өнерпаздар – ALEM, LIME BAND және Kazybek Kurayish өнер көрсетіп, көрермендерге өздерінің ең танымал әндерін тарту етті. Әсерлі музыкалық кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
Кеш соңы Жәйрем аспанын нұрға бөлеген әсем мерекелік отшашумен қорытындыланып, жиналған қауымға ерекше әсер мен ұмытылмас көңіл күй сыйлады.
Бұл айтулы шара Жәйрем кен байыту комбинатының жарты ғасырлық мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуге мүмкіндік беріп, еңбек адамдарына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

