Өзекті мәселелер қаралды

Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясында біршама маңызды мәселелер қаралып, өкілетті орган тарапынан бұрын қабылданған бірқатар шешімдерге қажетті өзгерістер енгізілді. Мәслихат хатшысы Зәмзагүл ОСПАНОВА төрағалық еткен сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Досбол ҚҰЛЫМБЕТОВ қатысты.

Күн тәртібіне қойылған «Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі №421 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 «Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Анар Молдабаеваның хабарламасы тыңдалды.

Бұдан кейін депутаттар Қаражал қалалық мәслихатының «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде №4956 болып тіркелген) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Индира Құрмансейітова жасаған хабарламаға зейін қойды.

Ал, Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсанындағы сессияның №77 «2022-2024 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Нұргүл Әбдірахманова баяндады.

Мандат иелері назарына ұсынылған мәселелер жан-жақты қарастырылып, оларға қатысты тиісті шешімдер шығарылды.

Балшырын АМАНТАЙ