Қаражалда жылдың басынан бастап әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағат 16.00-де қаланың мәдени-сауық орталығында үстел теннисінен үйірме жұмыс істейтін болады.
– Биылғы жоспар бойынша бізге Қаражал қаласында кез келген адам қатыса алатын спорт түрінен бір үйірме ашу міндеттелген болатын. Сол себепті үстел теннисінен үйірме ашуды жөн көрдік. Қаражал қаласының кез келген спортқа қызығушылығы бар тұрғыны келіп қатысуына мүмкіндік бар. Жас шамасына шектеу қойылмаған. Тіпті, бұрын-соңды ойнап көрмеген жандарға да есігіміз айқара ашық, тек талпыныс болса болғаны. Себебі, мұнда іш пысқаннан уақыт өткізу үшін емес, халқымыздың салауатты өмір салтын сақтауын жіті назарда ұстап және жаңашылдыққа құштар жандарға бұл спорт түрін үйрету мақсатында осы жоспарды жүзеге асырып жатқан жайымыз бар. Болашақта жарыстар ұйымдастырып қана қоймай, ойыншыларымызды дайындап қалааралық жарыстарға шығаруды да жоспарлап отырмыз,- дейді «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ спорт саласы бойынша нұсқаушысы Сырым Тұрабай.
Балшырын АМАНТАЙ.