Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз өмірдің кепілі

Құқықтық сауаттылық – бұл әрбір азаматтың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуі және оларды өмірде саналы түрде қолдана білуі. Қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуы, ең алдымен, азаматтардың құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Азаматтардың заң талаптарын білуі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатта құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан халық арасында түсіндіру жұмыстары, кездесулер мен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Құқықтық сауаты жоғары қоғамда заң бұзушылық деңгейі төмен болады. Себебі әрбір азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға бейім болады. Сонымен қатар, құқықтық білім адамға өз құқықтарын қорғауға және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Аханова Гаухар Нурымовна
«Болашақ Қаражал» ҚБ мүшесі