ТЕРРОРИЗМ ДІНГЕ ЖАТ ҚҰБЫЛЫС    

Дін мен қоғам бір-бірімен әлмисақтан ажыраған емес. Мемлекеттің басты құндылығы, баға жетпес байлығы ол адам. Олай болса, сол халықтың ұстанатын діни наным, сенім бостандығы әрқашан болу шарт екені сөзсіз. Біз оны құрметтеуге, бағалауға тиіспіз. Өкініштісі айтулы дін атын жамылған арам пиғылды экстермистік ұйымдардың  әлді де болса жолы кесілмей тұр. Бұлар әсіресі хақ дініміз Ислам атына дақ түсіріп, экстермистік топтар құрып, бұқараның бейбітшілігі мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық татулыққа дақ түсіріп, түрлі қақтығыстар ұйымдастырып, ел мен елді өштестіріп, адамдар арасында алауыздық отын өршітуде. Кейбір елдердегідей жаңсақ пікірлер арқылы әлем тыныштығын бұзып, берекені қашыруды доғамай келеді. Бұл қылықтары адамзат баласын жұмаққа апармайды.Жалпы «Терроризм» ұғымы араб тіліндегі (ارهاب) «ирхаб» сөзінен шығып, «қорқыту», «үркіту» мағынасын білдіреді екен. Ел арасында зорлық‑зомбылық пен қорқыныш, үрей туғызатын мұндай топтармен қоғам болып күресуді тоқтатпаған абзал. Бейкүнә, кінәсіз адамдарға кесірін тигізіп, мемлекеттің дамуына кері әсер беретін ниеті жаман жат ағымдар, ұйымдарды және артында тұрғандардың ошағын анықтау үздіксіз жүру қажет. Осындай келесіздіктер бізді алаңдатпай қоймайды. Беті аулақ дейміз ғой. Дегенмен, жаман айтпай, жақсы жоқ. Сақтансай сақтаймын дегендей, үнемі етек-жеңімізді жинақтап жүрген жөн. Ол үшін діндарлық пен толеранттылық құндылықтарын терең біліп, меңгеріп, діни сауатты болуымыз қажет. Туған Отанымызды жан-жүрегімізбен сүйіп, бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашаққа зор сеніммен қарап, енжарлыққа бой алдырмауымыз қажет.  Қорыта айтқанда әлеуметтің діни тұтастығына іріткі салып, айрандай ұйып отырған жұрттың тыныштығын бұзатын экстремистік топтарға қатаң шаралар қолдануды, біртұтас қоғам болып табанды күресіп, қарсы тұруымыз керек.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.