13.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Тазалық — тәртіптің үлгісі

20.04.2025 · 23:23 · admin

Республикалық экологиялық акция Қаражал қаласының жұртшылығы тарапынан да кең қолдау табуда.

Өткен аптада аталмыш республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді. Қаланың бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері қала сыртындағы полигон аумағын тазалап, осы жерде жиі жиналатын қоқысты жоюға атсалысты. Бұл іс-шара аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және қаланың тазалығын сақтауға маңызды үлес қосуда.

Қала әкімдігі барлық қала тұрғындарын сенбіліктерге қатысып, өздерінің тұрғылықты жерлерінің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. «Көшелерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды тазалау арқылы біз өз қаламызды одан әрі жайлы, таза және экологиялық таза ете аламыз», дейді өңір белсенділері.

 Аманкелді АҚШАЛ