Қазақстан табиғаты – халқымыздың баға жетпес байлығы, болашақ ұрпаққа аманат етілген қазына. Сол қазынаны сақтау жолында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті нығайтып қана қоймай, бүкіл қоғамды ортақ іске жұмылдыратын маңызды қадамға айналды.
Бұл бастама аясында республика өңірлерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, саябақтар мен аулалар абаттандырылуда, жасыл аймақтар кеңейтілуде. Сонымен бірге тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу мәселесіне басымдық беріліп отыр.
«Таза Қазақстан» – жай ғана сенбілік емес, ол – ел азаматтарының табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама. Ең бастысы, жастардың белсенділігі мен еріктілер қозғалысының кеңеюі экологиялық жауапкершіліктің жаңа деңгейін көрсетуде.
Бұл акция – Қазақстанның орнықты даму стратегиясымен сабақтасып, халықаралық деңгейде де қолдау табатын маңызды экологиялық бастама. Әрбір адамның табиғатқа қамқорлықпен қарауы – тұтас ұлттың болашағына салынған инвестиция.
Таза Қазақстан – таза қоғамның белгісі.
Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы