Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіреді. Елімізде экономиканы жаңғыртуға, ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Жемқорлықтың салдарынан мемлекеттік бағдарламалар сапасыз орындалуда. Ол дегеніміз халықтың күнделікті тұрмыстіршілігіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, жолдарды жөндеуге бөлінген қаржы шынымен сол жолдарды жөндеуге толығымен игерілсе сапалы жолдар халық игілігіне қолданылады. Ал жемқорлықпен жымқырылып, жолдар қалай болса солай жасалса, ол жол жөнделмеген болып табылады. Өкінішке орай бұл мысал ғана емес, бүгінгі күнгі жағдай және осы сияқты жағдайлар өте көп. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіреді.

Лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы, мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни, мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де орын алуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу ғана емес оны толығымен қоғамнан жою маңызды. Ендеше сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан — ол ертеңгі жасампаз, дамушы ғана емес дамыған елдер қатарынан алдыңғы орын алатын Қазақстанды барша халық болып бірге жасайық! Бүгінгі ұрпағымыздың келешегі біздің қолымызда.

Самал ТҮСІПОВА,

Қаражал қазынашылық басқармасының басшысы.