Су тапшылығы оңтүстік және батыс өңірлерге көбірек әсер етеді деп болжануда — ЭГТРМ

Су ресурстарының қысқаруы, халықтың, экономиканың және экологияның мұқтаждарына су тартудың өсуі жағдайында Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы 2030 жылға қарай 23,2 км3 құрауы мүмкін. Мұндай деректерді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Серікқали Брекешев ОКҚ брифингте хабарлады.

Бұған бірқатар факторлар әсер етеді. Біріншіден, климаттың өзгеруі, су ресурстарының республика аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі және соған байланысты су ресурстарына түсетін жүктеме. «Жағдай су ресурстарына қатысты ахуал өңірлерде айтарлықтай өзгеріп жатқанымен күрделене түседі. Елдің шығыс аймағы су ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Ең аз қамтамасыз етілген Орталық Қазақстан (Нұра-Сарысу бассейні). Оңтүстік және батыс аймақтар көрші елдерге тәуелді. Су тапшылығы оңтүстік және батыс өңірлерге көбірек әсер етеді деп болжануда», — деп атап өтті министр.