Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

Адамды адам қылатын сапалы білім болса, сол білімді адамзаттың бойына сіңіретін ұстаздар, яғни, педагогтар екені бәріне белгілі. Сол себепті, кез келген қоғамда аталған мамандық иелеріне деген құрмет-қошемет айрықша болады. Тіпті, жыл сайын 5 қазан күні бүкіл әлем ұстаздар немесе мұғалімдер күнін атап өтеді. Осы ретте біздің қазыналы аймағымыз да ұстазға деген құрметі мен қошеметін аямай, кәсіби мерекені жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған еді.

Өткен аптада Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығында «Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған марапаттау салтанаты өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әлбетте, мейірімді де сүйіспеншілікке толы шұғылалы мерекеде қала әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов сахна төріне шығып, ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мұғалімдер мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне, қазақстандық патриотизмді нығайтуға және білім саласын жетілдіруге қосқан еңбегі мен қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін Ұлытау облысы әкімінің Құрмет гамотасымен «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Зәмзагүл Баязитова, №3 жалпы білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Елена Ким және Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен Қаражал қаласы білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Бақыт Мамина, №3 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Наталья Павенко марапатталды. Сонымен қатар, Ұлытау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен №1 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Тилегенова мен №6 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлмира Маженакова марапатқа ие болды. Сондай-ақ, Ұлытау облысы білім басқармасының Алғыс хатымен №3 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Татьяна Герасименко, №7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Тоқтыбаева, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Гүлмира Алиева, №11 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұлдызай Танкибаева, «Балбөбек» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Зәуре Байтасова, №30 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжазира Ахатова, №10 ЖББМ математика пәнінің мұғалімі Баян Кожахметова мадақталды.

Ал, Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хатымен қалалық білім бөлімінің бірыңғай оқу бойынша әдіскері Құралай Шамбулова, №1 жалпы білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Баршагүл Тоқтыбаева, №3 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Дүйсенбекова, №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Болысбаева, №6 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Жетімекова, №7 жалпы білім беретін мектебінің дефектолог маманы Мөлдір Мұқажан, №10 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Даржан Алина, №11 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Жаканов, №30 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бақыткүл Абдикаримова, «Балалар өнер мектебінің» іс-жүргізушісі Назира Тусупова, «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Ақтоты Дастанова және «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Нұргүл Кудабаева марапатқа ие болды.
Одан кейін Қаражал қаласының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Айгерім Көлбаева қаламыздың білім бөлімі басшысының мадақтамасымен марапаттау рәсімін өткізді. Атап айтсақ, мұғалімдер мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне, қазақстандық патриотизмді нығайтуға және білім саласын жетілдіруге қосқан еңбегі мен қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін Қаражал қаласының білім бөлімі басшысының Мадақтамасымен қалалық білім бөлімінің әдістемелік бөлім меңгерушісі Алтын Тажитова, қалалық білім бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі әдіскері Ақан Кабулов, №1 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жан Асланов, №3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Екатерина Гавриш, №5 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекбол Алдан, №6 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Баян Абильдин, №7 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Берлібаева, №10 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлия Кошжанова, №11 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анаркүл Оралбаева, №30 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Аумағанбетова, Балалар Өнер мектебінің гитара, домбыра бөлімінің мұғалімі Ғази Рахимов, «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Айнұр Молдағазиева және «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Арайлым Шалкабаева марапатталды.
Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. Марапаттау рәсімінен кейін сахна төрінде ардагер ұстаздар, Ел болашағының кілті – жас ұрпаққа білім мен ізгілік нұрын себуші мамандығын жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарды салтанатты түрде ұстаздар қатарына қабылдау рәсімін өткізді. 40 жыл ұстаз еткен Мәкіш Ибаділдәқызы жас мамандарға ізгі тілегін білдіріп, сәттілік пен ақ жол тіледі. Ал, жас мамандар атынан дінтану, саясаттану және конфликтология ғылымының магистрі Мағжан Айтбек сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарға алғысын білдірді. Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман ертең болашақ ұлт ұстазына айналады деген сенімдеміз.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ