Татуластыру рәсімдері арқылы жанжалдарды реттеу, азаматтардың сот шығындарын азайту, азаматтардың соттан тыс дауларды шешуге мүдделілігін белгілеу татуластыру рәсімдерінің мақсаты болып табылады.
Сотта татуластыру рәсімдері былайша жүзеге асырылады: талап арыз сот кеңсесіне берілгеннен кейін, ол татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы дауды шешу үшін судьяға бөлінеді. Осыған байланысты, сот тараптарға оларды қолданудың түрлері мен артықшылықтары туралы түсіндіре отырып, алдын ала хабарлама жолдайды.
Татуластыру рәсімдерді жүргізу кезінде талап қою өтінішін қабылдау, ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуластыру рәсімдерді жүргізу барысында сот тараптарға міндетті түрде рәсімдер түрінің бірін таңдау мүмкіндігін: татуласу келісімін, партисипативтік келісімді, медиатордың қатысуымен не сот медиациясын жүргізу арқылы медиативтік келісімді жасасу мүмкіндігін түсіндіреді.
Даудың татуластыру рәсімдерін қолдана отырып реттелуі талап қою ісін жүргізудегі кез келген іс бойынша қарастырылған, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен қарауға жататын істер бойынша да қолданылады.
Индира Төлеубай,
Қаражал қалалық сотының жетекші маманы.