Ұлытау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров, Советбек Медебаев және Руслан Рүстемов келді.
Сенаторлар алдымен Жезқазған-Қызылорда автожолында болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов және облыстық мәслихат депутаттары республикалық маңызы бар трассаны жөндеу жұмыстарын тексерді. Оның жалпы ұзындығы — 208 шақырым.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы басшылығының айтуынша, республикалық трасса Мемлекет басшысының өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қайта жаңартылатын болады. Құрылысқа жауапты мамандар өз кезегінде ағымдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биыл Қызылордадан Жезқазғанға дейін 100 шақырым қозғалыс жолын ашу жоспарлануда.
Содан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта құру жобасымен танысты. Жобаны облыс әкімінің орынбасары Ұ.Үсенов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов, Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А. Жандарбеков таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, жобаның негізгі мақсаты: шаруашылық-ауыз суды тазарту мен дайындаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, облыс орталығының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау.
Сенаторлардың біздің өңірге жұмыс сапары барысында қалалар мен аудандардың тұрғындарымен кездесу де жоспарланғанын.