«Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысуға құжат қабылдау басталды

2013 жылдың қарашасында қыркүйектің әр жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күнін мерекелеу белгіленген. Бұл мереке егеменді Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен дамуына, іргетасын қалап, адал еңбек етіп жүрген еңбеккерлерге алғыс білдіруге арналған.
Еңбек күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсын құрды. Байқаудың мақсаты – ел экономикасының дамуына сүбелі еңбек сіңірген отандастарымызды жеткен жетістіктерін дәріптеп, қазақстандықтардың мақтаныш сезімін ояту.
Байқауда «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас өндіріс қызметкері», «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері» үш номинация қарастырылған.
Конкурс жеңімпаздары тиісті дипломмен және келесі ақшалай сертификаттармен марапатталады:
– 1 орынға – 1 000 000 (млн) теңге;
– 2 орынға – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
– 3 орынға – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Өтініштерді жергілікті атқарушы органдар 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылдайды.
Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ хабарласуларыңызды сұраймыз. «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ қызметкері – Абжанов Аскар Байгелдыевич; тел: +7(771)193-8188.